Благодарности


Декабрь
ПН
ВТ
СР
ЧТ
ПТ
СБ
ВС
1
2
3
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
09.06.2017
Саран қаласының Тілдерді дамыту орталығының басшысы Г.Н.Шакеновадан

​​

Құрметті Құралбай Несіпбекұлы!

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Р.Жақсыбековтің 2017 жылғы 20 сәуірдегі №17-01-38.24 тапсырмасын орындау мақсатында  Саран қаласы әкімдігінің "Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы"  және  "Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің"  ұйымдастыруымен 2017 жылғы 06 маусымда  Саран қаласындағы  А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінде    "Қазақ әліпбиін латын қаріпіне көшіру мәселелері" тақырыбында қалалық семинар болып өткен еді.

Семинарға Сіздің ұжымыңыздан қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор  Қ.З. Сембиев қатысып, "Латын әліпбиі – болашақтың жазуы" тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада төл әліпбиіміздің 3 рет ауыстырылғанын айта келе, 1912 жылы ұлттың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы жасаған араб жазуы негізіндегі тұңғыш әліпбиімізді 1929 жылы латын жазуына ауыстырғанын, меңгергенін нақты мысалдармен дәйектеді. Сонымен қатар жаңа емленің тиімді жағы қолданысқа енетінін, таңбалар санының ықшамдалатындығын, әлемдік стандартқа сай келетіндігін түсіндірді.

Баяндамашы сөз соңында: "Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді" - деген Елбасы сөзімен  қорытындылады.

Сіздің ұжымыңызға білім мен тәрбие үрдісінде үздік көрсеткіштер мен  елеулі жетістіктерге жете берулеріңізге және мемлекеттің идеологиясы, қоғамның дәстүрі мен құндылықтарын дамыту барысында толағай табыс тілейміз.

Саран қаласының Тілдерді дамыту орталығының басшысы Г.Н.Шакенова