Публикации


Декабрь
ПН
ВТ
СР
ЧТ
ПТ
СБ
ВС
1
2
3
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
07.12.2015
Өткенге өкпе жоқ...

Қараша айының жиырма бесі күні "Болашақ" академиясында ғылыми кеңес отырысы өтті. Онда Академия ректорының өткен оқу жылында атқарылған жұмысы жайлы есебі тыңдалып, келер оқу жылына мақсаттары айқындалды. Ғылыми кеңес мүшелері академияның жұмысын жетілдіруге байланысты өз ұсыныстарын айтып, ұжым жұмысына оң бағасын берді.

​Қарағанды "Болашақ" университеті ағымдағы жылы өзінің статусын өзгерткен болатын. Аймақтағы белді де беделді оқу орны  атауының ауысуы жұртшылықтың  түсінбеушілігін туғызды. Расында, бұл шешім оқу ордасының жұмысын жетілдіру мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қабылданған болатын. Сонымен, ректор  есебі негізінде "Болашақ" академиясының өткен жылды қалай еңсергеніне тоқталсақ:

Өткен жылы "Болашақ" университеті міндетті мемлекеттік аттестация мен  институционалды және мамандырылған аккредитацияны абыроймен өтті. Білім беру сапасының мемлекеттік стандартқа сай екендігі және ұстаздардың біліктілігінің жоғарылығы дәлелденді. Оқу орны 18 білім беру бағдарламасының барлығы бойынша білікті мамандар дайындап жоғарғы стандарттар мен талаптарға толық сай келеді деп танылды.

Қазіргі таңда академия басшылығы аймақтағы жұмыс ұсынушы ұйымдармен және қала әкімшілігімен келісім жасаған. Ол бойынша студенттер өндірістік тәжірибеден өтуге және оқуын аяқтаған соң "бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне" қатысуға мүмкіндік алып отыр. Студенттерді жұмыспен қамту көрсеткіші бойынша "Болашақ" академиясы Қазақстандық ЖОО арасында үздік отыздықтың қатарына енген.

Студенттерді жұмыспен қамту үшін ең алдымен оларға сапалы білім берілуі қажет. Бұл академияның алға қойған басты мақсаттарының бірі. Білім беру сапасын арттыру   бағытында үлкен жұмыстар атқарылған. Нәтижесі де жаман емес. Мәселен Оқу Жетістіктерін Сырттай Бағалау (ВОУД) бойынша "Болашақ" академиясының орта балы -81,3 %, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 9,1 %-ға жоғары.

Оқу Жетістіктерін Сырттай Бақылауда "Болашақ" академиясының бес студенті барлық пәнді "үздік" тапсырып шықты. Соның арқасында біздің академия  Қазақстандық ЖОО рейтингтер кестесінде 31 - орынды иеленген. 

Академияда білім беруден бөлек ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру бағытында да елеулі жұмыстар атқарылуда. Кафедралар мен құқықтық және салыстырмалы зерттеу институты ғылыми конференциялар және дөңгелек үстелдер өткізуде. Өткен оқу жылында академияның профессорлары Б.М. Нұрғалиев пен Я.Ф. Трофимовтың басшылығымен орындалуындағы екі бюджеттік грант бойынша жұмыс жалғасын тапты.

Ұстаздар мен студенттердің ғылыми еңбектерінің көпшілігі Академия "Болашақ-Баспа" редакция бөлімінде жарыққа шыққан. Сонымен қатар бірқатар ұстаздардың ғылыми мақалалары шетелдік  басылымдарда да жарияланып жүр.

Бұдан бөлек университет ғалымдары зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазақстан бойынша және шетелдерге іс-сапармен барып келуде. Олардың барлық шығыны академия бюджеті есебінен қаржыландырылған.

Академия жұмысының келесі басым бағыты - студенттерге білім берумен қатар олардың тәрбиесіне мән беру және қоғамдық жұмыстырға деген белсенділігін арттыру болып табылады. Осы мақсатта академияда студенттерді түрлі мерекелік іс-шараларға тарту, қоғамдық жұмыстарға араластыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылған. Қазіргі таңда академияда студенттердің  би және вокал үйірмелері мен поэзия, дебат клубтары жұмыс істеуде.

"Болашақ" академиясының студенттері ЖОО орны мен  қаланың тәрбие жұмыстарын жетілдіру жоспарына сәйкес "Жайдарман" ойындарына қатысып, студенттер үйінде, Академияда түрлі мәдени –көпшілік іс- шаралар  ұйымдастыруда. Одан бөлек, қайырымдылық мақсатында қарттар үйі мен жетімдер үйіне барып кездесулер өткізілді. Мұндай игі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.