Басты


Желтоқсан
ДС
СС
СР
БС
ЖМ
СН
ЖС
1
2
3
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

ҚҰРМЕТТІ САЙТ ҚОНАҚТАРЫ!

Қарағанды "Болашақ" университеті білім беру нарығында 16 жылдан бері қызмет етіп келеді. Мемлекеттік емес жоғары оқу орны үшін бұл ауыз толтырып айтарлық мерзім. Осы уақыт аралығында біз кішігірім институттан мемлекетіміз ішінде де, шетелде де танымал университетке дейін өсіп, абырой жинадық.  Біздің түлектеріміз бүгінде еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. Ғалымдарымыз бен оқытушыларымыз отандық ғылым және  білім беру саласына өз үлестерін қосуда. Біз алдыңғы қатардағы инновациялық технологияларды енгіземіз, әлеуметтік жобаларды іске асырамыз. Осының барлығын мақтан тұтамыз! Алайда, біздің басты байлығымыз – адам капиталы. Бұл теңдесі жоқ қазына, себебі ешбір бастама, ешбір іс адам капиталысыз іске аспайды.

Ректор және ұйымдастырушы ретінде университетіміздің өсіп-өнуін қалаймын. Мен үшін бұл – өмір жолым, тағдырым. Дүниедегі бар байлық шын құрмет пен шын абыройдың орнын баса алмайды. Сенімді ақтау үшін ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек ету қажет.

Менімен бірге болған, әрдайым жанымнан табылатын, қол ұшын созуға даяр адамдарға алғысымды білдіремін. Біздің оқу ордамызға жұмысқа тұрып, бізбен бірге қалатын, кетіп қалып - қайта оралатын адамдар барына қуанамын. Университетімізге жұмыс істеп, біліктіліктерін көтеру үшін келеді. Ортақ шаңырығымызда өнерлі, шығармашылық идеяларға толы жандар жетерлік.

Сондықтан менің басты мақсатым - ұжымды сақтап, жұмыс етуге жағымды атмосфера құру, себебі барлығымыз бірігіп қана қойған мақсатымызға жете аламыз.

Аталмыш блогтың міндеті – "Болашақ" білім ордасының тағы бір есігін ашу, шешімін таппай жүрген мәселелерді талқылап, шешеімін табу, пайдалы ақпарат алу, университеттің саясаты, болашағы мен міндеттерін білу.

"Ордалы ой" бөлімінде көкейімізді мазалап жүрген сырлы ойлармен бөлісуге мүмкіндік бар. Мұнда біз жарияланбаған, бірақ өзімізді мазалап жүрген ойларды ортаға саламыз.

"Мақалалар" бөлімі түрлі көкейкесті мәселерді қозғайтын, қоғамның, өмірдің проблемаларын ашатын публицистикалық мақалаларды қамтиды.

"Жолдаулар" бөлімінде сіздер жолдаған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарыңызды қабыл аламыз.


Қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа дайынбыз.