Публикации


Ноябрь
ПН
ВТ
СР
ЧТ
ПТ
СБ
ВС
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
13
14
15
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
08.04.2014
Жүз жылдығын ойлаған - адам тәрбиелейді

Елбасының әр жылғы халыққа арналған сөзі үга білген кісіні терең ойға бастайды. Біраз уақыттан бері білім беру саласындағы істерге араласып жүргенадам ретінде Тұңғыш Президентіміздің әлемдегі даму сарынын қырағылықпен бағамдап, кезек күттірмес міндеттерді нақпа-наү айқындап, өсіп - өркендеу бағытымызды жаң- ғыртып, максатымызды биіктетіп, қайратымызды қайратқан Жолдаулары әрдайым өзгеше екенін байқаймын. Ненің де болса бағасы салыстыра карағанда көрінеді ғой. Күні кеше ғана тәуелсіздігімізді қалыптастыру, экономикамызды түзеу, болашағымызға жол салу көзделсе, бұл күндегі ой-арман одан сайын аскақ. Елбасымыз бүгін дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарын ұсынып, казақстандықтардың жасампаздық істерді тереңдету ұмтылысына жаңа ұшқын түсірді. Бұл идея бәрімізді ортақ тілекке, бір мүддеге ұйыстырушы, сан ұлт басын біріктіруші, жүрегін қосушы касиетті мұрат тұрғысында ақиқатқа айналуына өміріміздегі казіргі келісті көрі- ністердің өзі куә.

Жолдауда атап көрсетілгендей, білікті мамандар даярлайтын оқу орындарына талап күшейе түспек. Біздің университет осы міндет биігінен көріне білуді басты мақсат санайды. Президент Н.Ә.Назарбаев белгілеп берген "Қазақстан -2050" Стратегиясына сәйкес өскелен ұрпақты заман талабына сай білім алуға еңбек етуге түрлі жанашылдықтарды жете кабылдап екшей білуге және соның барлығын өз Отаны игілігі үшін жұмсауына мүмкінлік туғызуға сан алуан іс-ізденістер жүргізіліп келеді. Қыскаша тоқтала кеткенде, Қазақстан Республикасының 2011 -2020 жылдарда білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес университет білім берудін халыкаралық стандарттарына кезендік көшуді инновациялық технологиялар мен СМЖ кағидаларын ұстана отырып жоғары кәсіптік және жоғары оку орнынан кейінгі білім сапасын жоғарылатуды, қоғамдық экономикалық байланысты және ұжымдық рухты нығайтуды жүзеге асыруда.

2004 жылдан бастап, кредиттік оқу технологиясы енгізіліп, 2007 жылы күндізгі бөлімнің барлық мамандықтары, 2008 жылдан бастап сырттай белім мамандықтары толықтай осы жүйеге ауысты.Университет Еуропа Кеңесінің конвенциясын орындауындағы Академиялық мойындау және мобильділік бойынша ұлттық акпараттық орталыктар желісінің (ЮНЕСКО) халыкаралық кадрлар академиясының құрамына енді. Жоғары дәрежелі мамандар дайындағаны үшін, сондай-ақ халыкаралык катынасты нығайтқаны үшін Халыкаралық кадрлар академиясының "Білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін" орденімен марапатталды.

Оқу орны Қазақстан педагогикалык ғылымдар академиясының, Ресей заң ғылымдарының академиясының мүшесі болып табылады. Университет Қазакстанның Болон үдерісіне косылу бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасы Университеттерінің меморандумына (Тараз декларациясы) қол қойган 15 жоғары оқу орындарының қатарына енді. Бакалаврлармен қатар "Заң тану", "Экономика", "Ақпараттық жүйелер", "Қазақ тілі мен әдебиеті" магистранттары даярланады. Сондай-ақ, оқу орнымыз жанынан құрылған Орталык Қазакстан гуманитарлык, Құқықтық, Салыстырмалы және тарихи-ағарту ғылыми-зерттеу институттары, "Мирас" орта- лығы кызметі біраз жерге танымал. 1 миллионнан аса қоры бар кітапхана әдебиеттер мен оқулыктарға бай. Ал "Болашақ- Баспа" редакциялык баспа бөлімі оқу үдерісіне кажетті монография, оқу құралдарын және оқу- әдістемелік кешендерін басып шығарады. Қасым Аманжолов атындағы "gasym.kz" әдеби порталы, "Тіл және рух", "Лимонад", "Эврика" мәдени және ғылыми-танымдық журналдары студенттеріміздің шығармашылық та- лаптарын ұштауға жол ашып жүр.

Жасыратыны жоқ, білім беру саласындағы реформалардың бәрі бірдей нәтижелі болмаса да біраз он өзгерістерді жоққа шығаруға болмайды. Жаһандану заманында ешқандай ел томаға-тұйық күйінде, өзара тәжірибе алмаспай, бір-бірінен үйренбей өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан да әлемдік үдерістен шет калмау үшін озық технологияны енгізу, баска да жаңаруларды игеру мақсатында реформалар жүргізу уақыт талабы.

Бәсекеге қабілетті білікті мамандар әзірлеу үшін шетел оқу орындарында "Болашақ" бағдарламасы бойынша жастарды оқыту еліміз дамуына үлкен әсерін тигізді. Қазір дүние жүзіндегі қандай да білім ордасымен иық теңестіре алатын Назарбаев Университеті сынды іргелі оқу орнымыз алысқ танымал болып отыр. Барлық өңірлерде Назарбаев зияткерлік мектептері ашылуда. Міне, осылар білім беру ісін халыкаралык стандарттар деңгейіне көтеруге үлгі танытып отырса, университетіміздің де осындай биікке ұмтылуға мүмкіндігі бар. Күндізгі және сырттай бөлімдерде оқитын 5 мыңға тарта студенттер мен магистранттардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған десек, артық айткандығымыз емес. Аймақтагы іргелі оқу орны болып калыптасуына 16 жыл ректор болган заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Нұрлан Дулатбековтің сіңірген еңбегі ерекше екені көпке белгілі. Бұған университетіміздің еліміздің ЖОО-лары арасындагы жоғары рейтингі айғақ және АҚШ-тың Айова штатындағы Лексингтон мен Түркиядагы Ататүрік университеттерімен ынтымактастық байланыс соны керсетеді.

Елбасы Жолдауында "Үлгерімі жақсы студенттер мен окушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау қажет" деп атап көрсетілгендей, үздік окитын, көп балалы отбасылардан шыккан, когамдық өмірде, мәдени және спорттық шараларда көзге түсуші студенттерге барынша көмек көрсетілуде.Гүлім Әбілғазина сиякты шәкіртіміз Қазакстан Республикасының Тұнғыш Президенті - Елбасының коры шәкіртақысының иегерлігін мактан тұтады.

Тұрмысы төмен отбасылар, жетім, жалғызілікті жеткіншектердің 60-ка жуығы университет ректорының гран- тымен оқиды. Сонымен бірге, оқу орнымыз атағын спорттагы жетістіктерімен алысқа танытушы Қазан Универсиадасының самбодан күміс жүлдегері Бейімбет Қанжанов, осы күрес түрінен халықаралық жарыстардың жеңімпазы Айдын Дартаев, академиялык ескек есудің шебері Светлана Германович сынды саңлақтарымыздың талаптарын ұштауға барынша колдау көрсетіледі.

Президент Н.Ә. Назарбаев аталған маңызды кұжатта адамдарға қамқорлык - коғам алдындагы парыз екенін ерекше атады. Осы нұскауға сәйкес ұжым мүшелерінін әлеуметтік- тұрмыстық жағдайын одан сайын жақсартуды басты максат санап отырмыз. Бұл күнде Балқаштағы демалу орнымызды күрделі жөндеуден өткізуді бастадық. Қаланың алыс бөліктерінде тұратын оқытушылар мен студентгерді университетке жеткізіп, үйлеріне апарып тастауға 3 автобус бөлінді. Студенттердің интернет желісіне тегін қосылу, университет бөлімдеріне тегін қалааралық конырау шалу, индивидуалды түрде оқыту әрбір студентке өзінің кабілеттілігін арттыруга мүмкіндік бар.

Ақылы түрде оқитын студенттер үшін тиімді жеңілдіктер түрлері карастырылған. Елбасы Жолдауында алға қойылған міндеттерді калтқысыз орындаудың басқа да шаралары колға алынып жатыр.

"Жүз жылдығын ойлаған - адам тәрбиелейді" дейді халык даналығы. Отыздыққа ену іргетасын берік ететіндер озық ойлы, жоғары мәдениетті, отан - сүйгіш азаматтар. Біздің ен асыл мақсат-мүддеміз сондай жастар тәрбиелеу ісін жақсартып, катарларын молайта беру дегім келеді.

Меңлібаев, Қ. Жүз жылдығын ойлаған - адам тәрбиелейді/Қ.Меңлібаев//Егемен Қазақстан.-2014. -1 сәуір (№62) – С.3.