Қараша
ДС
СС
СР
БС
ЖМ
СН
ЖС
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
13
14
15
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
18.10.2018
АЛҒЫС

Құрметті Құралбай Несіпбекұлы!

Қазан айының 9 жұлдызында "Болашақ" студенттер үйінде тұратын студенттерге, академиямыздың атынан көкеністер (картошка) таратылды. Бізге әр жыл сайын, күзде, көкеністер, соның ішінде картошка, сәбіз, орамжапырақ, қызылша таратылады. Академиямыздың ректоры, оқытушыларына алғысымызды білдіреміз.

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенттерінен.

01.10.2018
АЛҒЫС

Құрметті Құралбай Несіпбекұлы сізге Ғылыми кеңестің мүшелері-студенттер атынан алғысымызды білдіргіміз келеді. Академияның Ғылыми кеңесіне мүше болу әрбір студенттің арманы десек артық айтпағанымыз болар. Себебі, әр студент өзін белсенді жағынан көрсету үшін барын салады. Біз үшін кеңеске мүше болу зор мәртебе.

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де біздің мойнымызда. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар.

Сіздің академия жастарына деген сеніміңіздің жоғары екендігін, бүгінгі студенттердің интелектуалдық белсенділігін жоғары бағалайтындығыңызды білеміз. Жасыратыны жоқ, академия жастарының белсенділігі жоғары. Жастар әрқашан әлеуметтік және қоғамдық өмірдің бел ортасынан табылады. Біз күш-қайратымызды, жастық жігерімізді Академиямыздың дамуына жұмсаймыз.

Құралбай Несіпбекұлы, сіздің студенттерге деген өте жақсы қарым-қатынаста екеніңіз бәріне мәлім. Оның бір дәлелі бізге оқу жылының соңына дейін аптасына 2 рет қаланың жақсы бассейндерінің біріне баруға жолдама бергеніңіз.

Академиямыздың беделін көтеру үшін шаршамай еңбек етеміз. Сіздің қолдауыңызбен алдағы уақытта әлі бірнеше жұмыстар атқаратынымызға сеніміміз мол.

Ізгі ниетпен студенттер-Ғылыми кеңес мүшелері