Обращения


Ноябрь
ПН
ВТ
СР
ЧТ
ПТ
СБ
ВС
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
13
14
15
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
27.06.2018
Алғыс билдиремиз!

Құрметті "Болашақ" Академиясының әкімшілігі мен "Педагогика және психология" кафедрасының аяулы оқытушылары! Мен, Рымбекова Мерей Талғатқызы "Педагогика және психология" мамандығының бітіруші түлегімін. Биыл осы алып білім ордасын тәмәмдап, үлкен Өмірге аяқ басқалы отырмын. Осы оқыған 4 жыл ішінде бізді білім нәрімен сусындатып, болашақта өздері секілді аяулы да ұлағатты ұстаз болуға себепкер болған оқытушыларымызға алғысымыз шексіз! Төрт жыл бойы білім мен тәрбиеміздің , жақсы жетістіктерге жетуіміздің негізгі себепкерлері "Педагогика және психология" мамандығының ынтымақты ұжымының, оның ішінде білікті мамандарының арқасы болса, және де барлық жағынан жағдайымызды жасап, көмегін аямаған ректорымыз Құралбай Несіпбекұлына алғысымыз шексіз. Бұл алып ордадан білім алу бізге оқуға деген, мамандығымызға деген көзқарасымызды өзгертті, алатын біліміміздің сапалығы мен тәрбиеміздің тәлімділігі жаңа форматтағы болашақ маман болуға академиямыздың жасайтын жағдайлары дәлел болатыны қуантты. Ұлы тұлға Ж.Ж.Руссо "Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау" деп айтып кеткендей ерекше алғысымызды екінші анамыздай болып кеткен, кураторымыз Искакова Дана Маратовнаға білдіреміз. Күн демей, түн демей кез келген уақытта барлық мәселемізді шешуге көмек беріп, қуанышымыз бен қайғымызда демеу болып, өз туған балаларындай қарап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бізге қамқор болғаныңызға алғысымыз шексіз! Алла каласа дипломымызды алған күннен бастап жаңа үлкен өмірдің алғашқы сатыларына аяқ басамыз . Бір отбасының балаларындай болып кеткен адамдар қанаттары қатайып, ыстық ұямыздан ұшып шығып , өмірден өз орынымызды табуға қанат қағамыз.Біреулеріміз отбасы құрамыз, біреуіміз карьера сатысына көтерілеміз , біреуіміз мүмкін шетел асып, білікті маман боламыз. Бірақ та барлығын уақыт көрсетер) Ал əзірше бітіруші түлектерге айтарым: "қолда бар алтынның қадірін біліңдер✔ Сөзімнің соңында,академия ұжымы мен басшыларына елеулі еңбектері үшін алғысымды білдіремін.Осы оқу орынына келіп, тәлім-тәрбие мен сапалы білім алғаныма қуаныштымын.Академиямызға тек жоғары деңгейде көріне беріп, Отанымызға білікті мамандар даярлауда сәттілік тілеймін!

Рымбекова Мерей Талғатқызы

26.06.2018
Благодарность

Мен МК-16 тобының магистранты, Болашақ академиясының \"қазақ тілі мен әдебиеті\" кафедрасының ұжымына алғысымды білдіремін. Жас түлектер мен жоғарғы оқу орнын тәмамдаушыларға осы мамандықты таңдап, білімдеріңізді шыңдауға кеңес беремін.

Айжан

Просмотров: 12
22.06.2018
Алғыс xат

Құрметті Құралбай Несіпбекұлы! Ж.С.Ақылбаев атындағы Балқаш маңызды білім беру колледжінде 29.01.18жылы қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының 4-курс студенттері, атап айтқанда Жақан Индира мен Кәріғалы Назерке 10 апталық іс-тәжірибеден өтті. Студенттер бірінші күннен бастап өз жауапкершіліктерімен көзге түсті. Сонымен қатар , ұйымдастырушылық қабілеттері өте жоғары екенін байқадым. Колледжіміздегі барлық іс -шараларға белсене ат салысып, білікті де білімді екендерін көрсете білді. Сіздің басқарып отырған ұжымыңыз бен қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушыларына өз атымнан алғыс білдіргім келеді! Сіздердің арқаларыңызда осындай жас маман иелері болашағымыздың дамуына , одан әрі көркейе түсуіне өз үлестерін қосып жатқанына қуаныштымын І жетекшісі Алиманова Сандуғаш Нуртаевна

22.06.2018
Благодарность

Мен "Болашақ"академиясына оқуға түсіп осы жоғары оқу орнының түлегі боп жатқаныма өте қуаныштымын.Жалпы,бізге білім берген барша мұғалімдеріме,соның ішінде "Қазақ тілі мен әдебиеті"кафедрасының мұғалімдеріне айтар алғысым шексіз.Мен 4 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жеттім.Енді мен Қазақстанға еңбегімді сіңіріп,қазақ тілінің дәрежесін көтеріп,өз үлесімді қосатын ұстаз боламын деп нақты айта аламын."Болашақ"академиясының ұжымына айтар алғысым шексіз.Барлығыңызға үлкен рақмет!

Тұрсынбай Бақытгүл К-14-1 тобының студенті

22.06.2018
Тлейхан Айгерим

Мен Тлейхан Айгерім осыдан 4 жыл бұрын арман қуып,өмірімнің алғашқы қадамын осы "Болашақ"Академиясынан бастадым.Осында "қазақ тілі мен әдебиеті"мамандығы бойынша оқуға түстім.Бұл қадамымды мен сəтті қадам деп айта аламын.Себебі,осы жоғарғы оқу орны маған көп мүмкіндік жасады.Мен жоғары əрі сапалы білім және тəрбие алдым. Бұл оқу орынның ерекшелігі қарапайымдылығында.Білім берген ұстаздарымыз тіптен керемет жандар!Әсіресе "Қазақ тілі мен әдебиеті "кафедрасының мұғалімдеріне алғысым шексіз!Мұғалімдеріміз бізге сапалы білім беріп қана қоймай,сапалы маман болуымызға өз үлестерін қосты. Мен осы жоғарғы оқу орнында білім алғаныма қуанамын және болашақ студенттерге "Болашақ "Академиясын таңдауға кеңес беремін!Құрметті"қазақ тілі мен әдебиеті"кафедрасының мұғалімдері!Рахмет сіздерге!!!Мен сіздерді ешқашан ұмытпаймын!

21.06.2018
Благодарность

Болашақ Академиясының педагогика және психология мамандығының ұстаздарына алғыс білдіргім келеді. Білім берумен қатар, тәрбие беріп жатқан ұстаздарыма алғыс айтамын. Белгілі бір мамандық иесі атанып, өмір жолына енді ғана қадам басқалы отырған біздер осы уақытқа дейінгі білім беріп, тәрбиелеген ұстаздарымыздың сенімін ақтаймыз деген үміттемін. Барлығымыз сіздер сияқты білікті маман болатындығымызға сенеміз!

Қимас көңілмен, Пип 14-2 тобының студенті,

Қадау Салтанат!

21.06.2018
Благодарность

Жоғары білім алғаным үшін, онда да сапалы білім алғаным үшін,\"Болашақ\" академиясының басшылығына, \"қазақ тілі мен әдебиеті\" мамандығына сабақ берген \"Қазақ тілі мен әдебиеті\" кафедрасының мүшелеріне, яғни, жоғары білікті ұстаздарға айрықша алғысымды білдіремін.Академия оқытушылары мені және курстастарымды сапалы біліммен ғана емес, саналы тәрбиемен де қамтамасыз еткен шын мәніндегі өмір мектебі болды десем, артық айтқандық болмас.

Әбекенова Гүлбану

21.06.2018
Благодарность

"Болашақ" академиясы "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының студенттері Жандос Жібекке,Муканова Рабиғаға айрықша алғысымды айтқым келеді. Олар мектептегі практика кезінде өздері оқыған академияның атын шығарды. Үлкен біліктілік, терең білім, саналы тәрбие жүргзе алатын болашақ ірі педагог ретінде өздерін көрсете алды. Оқу орны осындай студенттермен мақтануға тиіс деп есептеймін. Академия басшылығына оқытушылар құрамына ерекше рақмет!

Нұралиева Гүлнар

21.06.2018
Алғыс

4 жыл бойы сапалы біліммен сусындатқан "Болашақ" академиясына, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының кафедра мұғалімдеріне алғысым шексіз! Өз ісінің маманы атанған кафедра мұғалімдерінің берген білімі мен үлгі өнегесі мол! Ол бізге өмір бойғы азық болмақ. Білікті ұстаздар мен мүмкіндіктері мол оқу ордасы тек биіктерден көріне берсін! Бұл оқу ордасының бағындырар белестері әлі алда!

Зұлпыхар Айкүміс

20.06.2018
Алғыс!

Мен Болашақ Академиясын таңдағаныма қуанамын! Болашақтын студенттері, мұғалімдері бәрі өте қарапайым, мейірімді, сыпайы, адамгершіліктері мол адамдар. Әрдайым көмектерін ұсынуға дайын тұрады. Академияның студенттерге деген қамқоршылығы мол. Басқа оқу орындарына қарағанда студенттерді корпустан корпуска ауысқанда шаршамасын деп автобуспен қамтамасыз етіп отыр. Білім алу қызықты өтсін деп студенттерді Шет елдерге немесе Қазақстанның басқа да қалаларына жіберіп тұрады. Әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге жеңілдіктер жасап тұрады. Міне осының өзі Болашақтың студенттерді мейірімді, сыпайы, әрі адал қылып тәрбиелеп шығаратынына күмән тумайды.

Болашақ Академиясына мың алғыс!

Зор құрметпен К-14 тобының 4 курс студенті Рахметолла Жайдарлым.

20.06.2018
Алғыс хат

Құрметті Құралбай Несіпбекұлы! Мен, Муханова Гүлден \"Қарағанды Гуманитарлық колледжінің\" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі боламын. Бізге 29.01.2018 жылы 10 апталық іс-тәжірибеден сіздердің студенттеріңіз, атап айтқанда Жалдыбаева Айнур мен Қуатбек Назерке өздерінің тәжірибелік практикасынан өтті. Студенттер бірініші күннен бастап өз жауапкершіліктерімен көзге түсті. Білімдері жоғары, мұғалімдік талаптарға сай ұйымдастырушылық қасиеттерін де байқадым. Колледжіміздің барлық іс-шараларын қатысып, біліктіліктерін көрсете білді. Сіздің басқарып отырған ұжымыңыз бен қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушыларына өз атымнан үлкен алғыс білдіремін!

13.06.2018
Благодарность

Здравствуйте, уважаемый Куралбай Несипбекович! Я выпускница Академии "Болашак" (2014-2018), Педагогического факультета, кафедры Педагогики и психологии. Хочу выразить огромную благодарность ВУЗу и вам. Огромное спасибо преподавателям педагогики и психологии. За любовь и за требовательность, которую нам они дали.

С уважением, студент ПиП 14-2,

Тажибек Айгерим

13.06.2018
Алғыс

Мен, ПжП-14-2 тобының 4 курс студенті Тұрсынова Медина, "Болашақ" Академиясында білім алуға "грант" ұтып алған сәттен бастап армандарым орындала бастады. 2014 жылы "Болашақ" атты білім ордасында менің студенттік кезеңім бастау алды. Спорт саласында мені әрдайым демеп, тек алға ұмтылуыма себепші болған Академия ректоры Құралбай Несипбековичке алғысым шексіз. Ең жоғарғы, сапалы білім нәрімен сусындатып, талап пен тәртіпті бойыма дарытқан " Педагогика және Психология" кафедрасының ұстаздарына алғысым шексіз. Мобильділік бойынша өзге қалаларда білімімді, шеберлігімді шыңдауға мүмкіндік берген:

Студенттері әр кез көш алдында -

"Болашақтың" аты мәңгі шарықта!

Салауатты өмір салты жастары –

Мықтылардың бәрі "Болашақта"! – ең ең "Болашақ" Академиясының ұстаздар қауымына "Есімдеріңізді ай-әлемге паш ететін студенттеріңіздің қатары көбейе берсін !" демекпін.

06.06.2018
Спасибо за такую работу!

Добрый день!

Хочу выразить Вам (руководство вуза), Академии "Болашак" КФ, личную благодарность (сделаю предположение) проректору по научной работе и международному сотрудничеству, Смолькиной Татьяне Петровне. Спасибо за содержательную, тематически удачно составленную научную информацию о работе конференций, позволяющую сделать свой выбор на широкой, но научно структурированной информации. Несмотря на то, что меня интересует выбор научной новостной информации в статусных, государственных и имеющих большой возрастной и социальный спрос вузах, тем не менее ваша научная страница располагается там же, когда составляю свой личный научный выбор -список. Информация о каждой научной конференции подробная, достаточно своевременная, выделенная и сформированная по социально-гуманитарному дискурсу Казахстана, России, СНГ; мне это очень нравиться.

Спасибо за такую работу!

С уважением, Сабденова Венера, г. Караганда

27.05.2018
Алғыс !

Осыдан төрт жыл бұрын мектептен қанат қағып,осы білім ордасын жаныма жайлы көргем. Енді міне, "Болашағымды" қимай болашаққа бастар сат жақын.Қалаға енді келіп, екі көзім тостағандай болып аңырып жүргенімде мені осында жылы қарсы алған. Ұстаздарымыз барынша білім бұлағын бізге ашты жане де мейірім нұрынан да таса қылған емес.

Қарағандыдағы ЖОО-лардың барлығында болдым, көрдім, байқадым. Ішінде "Болашақ" өзіме ыстық. Көзіме ай көрінгенде емес маселе. Бұл жерде мен сүйетін қазақылық бар. Босағадан аттай сала киім ілгіштегі апайдан бастап мұндағы көпшіліктен соны көрем. Мұнда білім де, бірлік те бар. Тіпті ректордың ерекше мейірлі амандасуы біраз нарсені айғақтап тұр.

Құрметті "Болашақтың" кереге-тіректері, қадірлі Құралбай Несіпбекұлы, қымбатты "құқықтану" кафедрасы, жалпы "Болашақ" академиясы!

Алғысым шексіз!

Қимас көңілмен, Ю-14,2 тобының студенті,

Шотов Бақыт!

24.05.2018
Благодарность

Здравствуйте, уважаемый Куралбай Несипбекович! Хочу выразить огромную благодарность ВУЗу, вам и всему профессорско-преподавательскому составу Академии "Болашак" за полученные мной профессиональные знания. Особую благодарность хочу выразить Садыковой К.К. за особый подход в работе, за высокое качество преподносимого материала, за развитие моего профессионального потенциала. Именно ее подход к работе смог разбудить во мне любовь к моей профессии юриста. Также хочется выразить особую благодарность за. кафедры "Юридических дисциплин" к.ю.н., профессора Кабжанова А.Т. за особый профессионализм и наставничество. Также хочется отметить профессоров, лекторов, преподавателей: Рысмагамбетову Г.М. Кенжину С.А., Нукушеву А.А., Григорчук И.Ю., Кужукбаева М.Ж., Жумжумаева Н.С., Мазура Н.В., Амандыкова Л.К., Мухатаева М.М.

Огромное спасибо Болашаку за возможность ворваться в светлое будущее!

Ынтыкбаев Ануар

Просмотров: 17
17.05.2018
Сарыарқа дарыны

Құрметті Құрал Несіпбекұлы!

Қарағанды облысының білім басқармасы, "Сарыарқа дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығы Сізге және сіз басқарып отырған "Болашақ" академиясының ұжымына физикадан II облыстық Ж.С.Ақылбаев атындағы олимпиаданы өткізуге атсалысқандарыңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз.

Өскелең ұрпаққа білім беруде атқарып отырған еңбектеріңізге толағай табыс тілей отырып, келешекте ынтымақтастықта жұмыс атқаратындығымызға сенім білдіреміз!

Құрметпен: "Сарыарқа дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығының директоры М.Сыздықов

Просмотров: 71
11.05.2018
Отзыв

Уважаемый, Куралбай Несипбекович!

Являясь выпускницей Академии \"Болашак\", хотелось бы выразить благодарность профессорско-преподавательскому составу Академии "Болашак" за полученные мной профессиональные знания, в частности доцента - Садыкову Кокеш Каригуловну за компетентное руководство моей дипломной работой, моих статей и научно-исследовательских работ, а также зав. кафедры к.ю.н., доцента - Кабжанова Акылбека Тайбулатовича за помощь студентам в учебно-организационных вопросах и за компетентность в конкурсах научных проектов нашей Академии в составе жюри. Спасибо вам за таких преподавателей как Садыкова К.К., Кабжанов А.Т., Кусаинова А.К, Григорчук И.Ю., Амандыкова Л.К., Жумжумаев Н.Ш., Кужукпаев М.Ж., Жукобаев А.А. и многие другие. \r\nС уважением,Жумагулова А.А., ст.гр.Ю-14-1.

25.04.2018
Сессия

Сәлеметсіз бе, сессияны нешесіне дейін жабу керек?

Просмотров: 237
24.04.2018
Сессия

Здравствуйте. Я еще не до конца оплатил учебу, могу ли я сейчас сдать сессию?

Просмотров: 241